Петропавлда заңсыз бизнесті қамқорлығына алған полиция қызметкері сотталды

12.05.2023, 18:37
607
Петропавлда заңсыз бизнесті қамқорлығына алған полиция қызметкері сотталды smartnews.kz

Петропавлда заңсыз бизнесті қамқорлығына алып, сол үшін бірнеше рет пара алған полицей 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сәліметінше, 10 мамырда Петропавл қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 366-бабы, 4-тармағының 3-бөлігі бойынша облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Сотталған экс-полицей акцизделетін өнімді сапаны растайтын тиісті құжаттарсыз сатуда қамқоршылық көрсеткені үшін жалпы сомасы 500 мың теңгеден асатын пара бірнеше рет алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Осылайша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті 1 мың блок темекі өнімінің және 5 мың литр сапасы күмәнді алкоголь өнімінің заңсыз сатылымын тоқтатты.

Сотталған «полиция майоры» арнаулы атағынан, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады