Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын таныстырды
Линда Яккарино Twitter-дің жаңа бас директоры болды. Бұл туралы Илон Маск аталған әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Twitter-дің жаңа бас директоры ретінде Линда Яккариноны көруге қуаныштымын!», - деп жазды ол.
Айтуынша, компанияның жаңа басшысы бизнес-операциялармен айналысатын болады. Ал өзі өнімнің дизайны мен жаңа технологияларға ден қояды.
Линда Яккарино 60 жаста.