579

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды

Ақмола облысының Целиноград ауданында он күн бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды
nur.kz

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград ауданының 29 жастағы тұрғыны Шыңғыс Мұстафинге биылғы жылғы мамырдың 3-інде іздеу жарияланған. Оны іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге әскери қызметшілер, еріктілер, туыстары мен таныстары атсалысты.

«Мамырдың 12-сінде қабылдаған шаралардың нәтижесінде ер адамның денесі Сандықтау ауданының аумағынан табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ер адамның Сандықтау ауданы аумағына автокөлікпен келгенін, кейін көліктің Сандықтау ауылында тұрғанын анықтады.