Шымкенттегі жанармай құю бекеті резервуарына жай түскен

14.05.2023, 10:45
668
Шымкенттегі жанармай құю бекеті резервуарына жай түскен smartnews.kz

Шымкентте қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 11 тонна дизельдік отын сақталған жерасты резервуарына найзағай түсті. Станцияда түтін шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтемемен.

Шымкент қалалық ТЖД «101» кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 12 мамыр күні сағат 18:57-де жанармай бекеті резервуарына найзағай түскені хабарланған.

«Оқиға Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран ауданында, «Ладушки» дәмханасының маңындағы «TS» жанармай бекетінде болған. Сыйымдылығы 23 тонналық жерасты резервуарында 11 тонна дизельдік отын болған. Оған найзағай түсіп, түтін шыққан. Өрт шықпаған, оның алдын алу мақсатында цистерналарға көбік шашып, салқындатқан. Сағат 19:10-да осы рещервуарға көбік шашу жұмысы аяқталды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деді Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Оқиға орнында Шымкент қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметі жеке құрамның 13 адамы мен 2 техника жұмыс істеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды