Қарағандыда қалалық автобус жүргізушісі есінен танған әйелді құтқарып қалды

14.05.2023, 13:51
650
Қарағандыда қалалық автобус жүргізушісі есінен танған әйелді құтқарып қалды smartnews.kz

Қарағандыдағы маршруттық автобустың жүргізушісі жолаушыны ауруханаға жеткізу үшін жолдан шығып кетті. Әйел кенеттен есінен танған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға №53 маршруттық автобуста болды. Әйел кенеттен есінен танып қалды. Жолаушылар есін жиғызып, көмек көрсете бастаған. Сол уақытта автобус жүргізушісі Алмас Мұратбек маршруттан ауытқып, есінен танып қалған әйелді Майқұдықтағы ауруханаға алып барған.

Жүргізушінің айтуынша, жолаушылар арасында автобустың бұрылып кеткеніне наразылық танытқандар да болған.

«Жолаушылардың бірі бір әйелдің ауырып қалғанын айтқан кезде, мен кабинаны желдету үшін автобустың алдыңғы есігін аштым. Содан кейін мен ойланбастан ауруханаға тарттым. Осы кезде кейбір жолаушылар біз бағыттан ауытқып кеттік деп ашулана бастады. Бірақ мен «Қазір ең бастысы адам өмірі, сондықтан мен үшін қазір сол ғана маңызды, ұрыспаңыздар!» дедім. Осыдан кейін барлығы тынышталды», - дейді Алмас Мұратбек.

Әйел ауруханаға жеткізілгеннен кейін оны дәрігерлер автобустан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Науқасты дәрігерлер қарады, ауруханаға жатқызуға айтарлықтай негіз болған жоқ. Кейін ол амбулаториялық емделуге жіберілді», - деп түсіндірді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Науқасты ауруханаға жеткізген соң, қалған жолаушыларды автобус жүргізушісі қажетті аялдамаларға жеткізді.

«Мен бәрін межелеген орындарына апардым. Ал кешке ауруханаға қоңырау шалып, ауырып қалған жолаушы әйелдің жағдайы туралы сұрап қоңырау шалдым. Олар науқастың жағдайы жақсы екенін айтқан кезде қуандым», - дейді Алмас Мұратбек.

Автобустың маршруттан ауытқып кеткені туралы автопарк басшылығы кейінірек білген. Алайда жүргізушінің айтуынша, басшылар бұған түсіністікпен қараған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды