ДДҰ анемиямен күрес бағдарламасын жасап шықты

14.05.2023, 14:32
265
ДДҰ анемиямен күрес бағдарламасын жасап шықты smartnews.kz

Анемиядан әйелдердің 30%-ы, жүкті әйелдердің 37%-ы және 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалардың 40%-ы зардап шегеді. Анемияға ұшырағандардың көпшілігі табыс деңгейі орташа және төмен елдерде тұрады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты «БҰҰ Жаңалықтар қызметіне» сілтемемен.

Осы аптада Оңтүстік Африканың Кейптаунында өткен аналар мен сәбилердің денсаулығына арналған халықаралық форумда ДДҰ анемияға шалдығу деңгейін төмендету бойынша алғашқы кешенді бағдарлама бастады.

Анемия, сондай-ақ, қан аздық деп аталатын ауру - қандағы гемоглобин мен эритроциттердің азаюымен бірге жүретін және оттегі тасымалдануының бұзылуымен және гипоксияның дамуымен сипатталатын синдром, яғни организмдегі оттегінің төмендеуі.
Анемия дамуының ең көп тараған себептерінің бірі - темір тапшылығы, бірақ анемия үлкен қан жоғалту, тұқым қуалайтын бұзылулар, бүйрек немесе бауыр аурулары, жұқпалы және онкологиялық ауруларға байланысты болуы мүмкін.

«Анемияға қарсы күрес жұмыстарының басым бөлігі темір тапшылығының алдын алу және оны емдеуге бағытталған», -дейді ДДҰ тамақтану және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі департамент директоры Франческо Бранка.

ДДҰ дұрыс тамақтану, анемияны дәл және уақтылы анықтау, витаминдер мен микроэлементтерді қабылдау және халықтың осы мәселе туралы хабардарлығын арттыру сияқты факторлардың рөлін атап өтті. 

ДДҰ жаңа бағдарламасы аясында анемияның себептері мен қауіп факторларын жою үшін кешенді шаралар қабылдауды ұсынады.

«Қазақстанда» «Дара бала» мегажобасына кастинг жарияланды «Иә дедім»: сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды Израиль әскерилері Газа секторында кепілге алынған үш адамның мәйітін тапты «Қарап отырып жылаймын»: Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО) TikTok Қытайдағы ең құнды брендке айналды Жыл басынан бері 19 бала есірткі таратқан: ІІМ үндеу жасады Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына өтемақы төленді «Санасыз еркектер кездеседі»: Айшолпан Байтүгел қоғамдағы қыз рөліне қатысты жанайқайын айтты (ВИДЕО) Кірпіні доп қылып ойнаған Ақтөбе тұрғындарының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО) Астанада 2 мыңнан астам адам аутист балаларды қолдап, қайырымдылық марафонына қатысты Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген «Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото) «Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды «Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнамаға қатысты (ВИДЕО) Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО) «Басымнан үш рет ұрды»: Астаналық алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіруге киллер жалдаған (ВИДЕО) Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды? Димаш Құдайберген Президент тарту еткен тазыны көрсетті Бетперде таққан жігіт жертөледе тұратын тағы бір отбасыны қуантты (ВИДЕО) Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 18 мамырға ауа райы болжамы жарияланды