Марихуана сатқан ақмолалық зейнеткер 12 жылға сотталды

16.05.2023, 19:09
503
Марихуана сатқан ақмолалық зейнеткер 12 жылға сотталды smartnews.kz

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Щучье қаласының 63 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдікті 22 жылдың наурыз айында жалпы салмағы 16 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі затын заңсыз өткізу кезінде ұсталған. Ол есірткі сатқаны үшін бұған дейін де істі болған.

«Зейнеткер жедел-іздестіру іс-қимылдарының әдістері туралы өте жақсы білді. Сол себепті, өте сақ болды, жалдамалы пәтерлерді пайдаланды, есірткі сатып алушылармен әңгімелесу кезінде жаргон қолданды», - деді ведомстводан.

Сот отырысында айыпталушы жасаған қылмысын мойындамады. Бірақ оның кінәсі сот отырысында зерттелген дәлелдер арқылы толық расталды.

«Сот үкімімен 63 жастағы сотталушы Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп толықтырды ведомстводан.

Ер адам сот үкіміне апелляциялық шағым берген. Алайда шешім өзгеріссіз қалды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды