948

«Бақытты адамдар бірден байқалады»: Баян Алагөзова күйеу баласының туған күнінен суреттер жариялады

Астанада өткен ауқымды туған күн кешіне отбасы мүшелері, достары және шоу-бизнес өкілдері жиналған.

«Бақытты адамдар бірден байқалады»: Баян Алагөзова күйеу баласының туған күнінен суреттер жариялады
instagram.com/bayanmaxatkyzy

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер әрі актриса Баян Алагөзова күйеу баласы Әлішердің туған күніне арналған мерекеден фотосуреттерімен бөлісті.

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбектің жұбайы Әлішер жуырда 31 жасқа толды. Оның туған күні Астанада кең көлемде аталып өтіп, мерекеге шамамен 200 адам жиналған. Қонақтар арасында туған-туыстары, достары және шоу-бизнес өкілдері болған.

Продюсер мерекелік кештен кадрларды Instagram парақшасында жариялады. Суреттерден Баян Алагөзованы күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовпен бірге, сондай-ақ мерейтой иесінің анасы – танымал қазақстандық ғалым, профессор Диляра Қайдаровамен көруге болады.

«Әлішердің туған күнінен бақытты сәттер! Сіздерге де ән айтып, би билеп, күйеу балаңызды шын жүректен жақсы көруді тілеймін», – деп жазды Баян Алагөзова.

Желі қолданушылары да жарияланған суреттерге жылы пікір қалдырды. Олар отбасының жарасымын, мерекедегі көңіл күйді және фотолардан байқалған бақытты сәттерді ерекше атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Айсәуле Бақытбек те жұбайының 31 жасқа толуына арналған туған күн кешінен кадрлар жариялаған болатын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор