596

Жозе Моуринью қазақы шапан киді: қазақстандық блогер әйгілі бапкермен кездесті

Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахим Мадридте әйгілі футбол бапкеріне ұлттық шапан сыйлап, Қазақстанда өндірілген сусын ұсынды.

Жозе Моуринью қазақы шапан киді: қазақстандық блогер әйгілі бапкермен кездесті
instagram.com/bydastann

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахим Мадридте әйгілі футбол бапкері Жозе Моуриньюмен кездесіп, оған қазақы шапан сыйлады. Сонымен қатар ол Қазақстанда өндірілген Coca-Cola сусынын ұсынып, жаттықтырушыға отандық өнімнің дәмін татқызды. Бұл туралы Azattyq Rýhy басылымы жазды.

Әлеуметтік желіде bydastann атымен танымал блогердің айтуынша, оның видеосын Coca-Cola компаниясының өкілі байқап, Испания астанасына шақырған. Оған Қазақстанда өндірілген сусынды алып барып, Жозе Моуриньюға ұсыну мүмкіндігі берілген.

Кездесу барысында «Реал Мадрид» клубының бас бапкері қазақстандық Coca-Cola-дан дәм татып, ұлттық шапанды киіп көрген. Жүздесу соңында екеуі естелік суретке түскен.

Дастан Мұхамедрахим әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның сөзінше, ол бұған дейін де оқырмандарына Қазақстанның көпшілік біле бермейтін жетістіктерін таныстырып келген. Ал бұл жолы еліміз туралы әйгілі футбол маманының өзіне айтуға мүмкіндік туған.

«Бұл – Қазақстанды әлемге танытудың тағы бір мүмкіндігі. Мен үшін бұл ерекше әрі ұмытылмас сәт», – деп жазды блогер.

Материал авторы