447

Қазақстан мен Ленинград облысы арасындағы тауар айналымы 400 млн доллардан асты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Дрозденко өнеркәсіп, атом энергетикасы және көлік салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.

Қазақстан мен Ленинград облысы арасындағы тауар айналымы 400 млн доллардан асты
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мен Ресейдің Ленинград облысы арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 400 миллион доллардан асты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуда өңіраралық ынтымақтастықтың маңызды рөлі атап өтілді.

Мемлекет басшысы Ленинград облысының өнеркәсіптік және көлік-логистикалық әлеуетіне назар аударып, Қазақстанның өңірмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ленинград облысымен сауда-экономикалық байланыстар оң динамика көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысында өңірмен арадағы тауар айналымы 400 миллион доллардан асқан.

Өз кезегінде Александр Дрозденко жылы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.

Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғауға қатысқан қазақстандықтардың ерлігіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, өңірде олардың қаһармандығы туралы тарихи жады сақталып келеді.

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды.

Материал авторы