985

«Мен оларды қабылдамас едім»: Трамп ханзада Гарри мен Меган туралы өткір пікір білдірді

АҚШ президенті ханзада Гарри мен Меган Марклдың Ұлыбританияға уақытша оралуын құптап, олардың король отбасына қарым-қатынасын сынға алды.

«Мен оларды қабылдамас едім»: Трамп ханзада Гарри мен Меган туралы өткір пікір білдірді
REUTERS/Nathan Howard

АҚШ президенті Дональд Трамп ханзада Гарри мен Меган Марклдың Америка Құрама Штаттарынан Ұлыбританияға оралуына қатысты пікір білдірді. Ол Сассекстердің елден кеткеніне қуанышты екенін айтып, ерлі-зайыптыларды корольдік отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы үшін сынға алды.

Америкалық журналистерге берген сұхбатында Трамп Гарри мен Меганның Ұлыбританияға оралуына байланысты өз ұстанымын ашық айтты.

«Мен бұған қуаныштымын. Мен олардың жанкүйері болған жоқпын», – деді АҚШ президенті.

Трамп Ұлыбританияның марқұм патшайымы Елизавета II-мен қарым-қатынасы өте жақсы болғанын атап өтті. Сондай-ақ қазіргі король III Чарльзбен де бұрыннан таныс екенін және оны жақсы адам деп санайтынын айтты.

Алайда президенттің Гарри мен Меганға көзқарасы мүлде бөлек.

«Король отбасына үлкен құрметсіздік көрсетті»

Трамптың пікірінше, ханзада Гарри мен Меган Маркл корольдік отбасына құрметсіздік танытқан.

«Меніңше, олар король отбасына үлкен құрметсіздік көрсетті. Маған бұл ұнамады. Оның Меганның өзін ұстағаны да ұнамады. Менің ойымша, ол патшайымға да, король III Чарльзға да үлкен құрметсіздік танытты», – деді ол.

АҚШ президенті бұдан әрі өз позициясын одан да нақтылап, егер өзі корольдік отбасының мүшесі болса, Гарри мен Меганды қайта қабылдамас едім деп мәлімдеді.

«Мен оларды қайта қабылдамас едім. Егер корольдік отбасының мүшесі болсам, оларды қайта қабылдамас едім», – деді Трамп.

Гарри мен Меган Ұлыбританияға оралды

Бұған дейін ханзада Гарри мен Меган Марклдың отбасылық шешім қабылдап, белгілі бір уақытқа Ұлыбританияға оралатыны хабарланған еді.

26 тамызда олардың елге келгені белгілі болды. Ханзада Гарри, Меган және балалары Арчи мен Лилибет Калифорниядан Ұлыбританияға жеке ұшақпен барған.

Сассекстердің бұл сапары АҚШ-тан Ұлыбританияға тұрақты көшу емес, уақытша оралу ретінде хабарланды.

Материал авторы