1096

98 жастағы әжесін өлтірді деген күдікпен немересі ұсталды

Қайғылы оқиғадан кейін күдікті ұсталып, оған адам өлтірді деген айып тағылды.

98 жастағы әжесін өлтірді деген күдікпен немересі ұсталды
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Новосібір облысында 98 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары қаза болған әйелдің 48 жастағы немересін күдікті ретінде ұстаған.

Оқиға Чик жұмысшы кентінде болған. Тергеу мәліметінше, ер адам әжесімен бірге пәтерде болған кезде олардың арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Артынша ер адам пышақ алып, әжесіне бірнеше рет шабуыл жасаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Осы факті бойынша Ресейдің Новосібір облысы бойынша Тергеу комитеті Қылмыстық кодекстің адам өлтіруге қатысты 105-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғады.

Күдікті ұсталып, оған айып тағылған. Тергеу тарабы оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті сотқа жолдамақ.

Қазір тергеу жалғасып, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор