150

3 қыркүйекте доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?

Қалалардағы айырбас бағамдары бір-бірінен аздап ерекшеленіп, доллар мен еуро бойынша айырмашылық сақталды.

3 қыркүйекте доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр?
Syda Productions / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 3 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің бағамдары әртүрлі қалыптасқан. 

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астана айырбастау орындарында долларды орта есеппен 453 теңгеден сатып, 460 теңгеден сатуға болады. Еуроның сату бағасы – 523 теңге, сатып алу бағасы – 533 теңге. Ал рубль 5,00–5,23 теңге аралығында айырбасталып жатыр.

Алматыда доллардың сатып алу бағасы 456,07 теңге, сату бағасы 458,50 теңге деңгейінде. Еуро 527,54 теңгеден сатылып, 533,05 теңгеден сатып алынуда. Рубльдің бағамы 5,16–5,30 теңге аралығында.

Шымкенттегі айырбастау орындарында долларды 455,98 теңгеден сатып, 458,04 теңгеден сатуға болады. Еуроның сату бағасы 527,96 теңге, сатып алу бағасы 533,44 теңге. Рубль 5,15 теңгеден сатылып, 5,23 теңгеден сатып алынуда.

Қазақстан бойынша бүгінгі ресми бағамға сәйкес, 1 доллар – 455,40 теңге, 1 еуро – 526,99 теңге, 1 рубль – 5,25 теңге

Материал авторы