Тоқаев ІІМ мен Қорғаныс министрлігін басқаратын жаңа министрлерді тағайындады
Қазақстанның күштік құрылымдарында басшылар тағайындалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Қорғаныс және Ішкі істер министрліктеріне жаңа басшылар тағайындалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік ведомстволардың басшыларын тағайындау туралы тиісті жарлықтарға қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
Ал Ержан Саденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне кірісті.
Мемлекет басшысының тиісті жарлықтары қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші