155

Елімізде доллар бағасы 461 теңгеге дейін жетті

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль бағамдары бір-бірінен ерекшеленіп отыр.

Елімізде доллар бағасы 461 теңгеге дейін жетті
Africa images / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 4 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбас пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағамы әртүрлі қалыптасты.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада доллардың орташа сату бағасы 453,97 теңге, сатып алу бағасы 460,99 теңге болды. Еуро 523,96 теңгеге сатылып, 533,97 теңгеге сатып алынуда. Ал рубльдің бағамы 5,09–5,30 теңге аралығында.

Алматыда айырбас орындары долларды 456,05 теңгеден сатып алып, 458,28 теңгеден сатуда. Еуроның сату бағасы 529,35 теңге, сатып алу бағасы 534,55 теңге болды. Рубль 5,15–5,26 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Шымкентте доллар 457,08 теңгеден сатылып, 459,5 теңгеден сатып алынуда. Еуроның сату бағасы 528,17 теңге, сатып алу бағасы 533,46 теңгені құрады. Рубль 5,14 теңгеден сатылып, 5,22 теңгеден сатып алынуда.

Ал Қазақстан бойынша бүгінгі ресми бағам 1 доллар үшін 455,86 теңге, 1 еуро үшін 528,84 теңге және 1 рубль үшін 5,25 теңге болып белгіленді.

Материал авторы