786

Қандыағаш маңында екі Toyota Camry соқтығысып, алты адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды.

Қандыағаш маңында екі Toyota Camry соқтығысып, алты адам қаза тапты
magnific.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында екі Toyota Camry көлігінің соқтығысуынан алты адам қаза тапты. Жол апаты Ақтөбе–Астрахань тасжолының Қандыағаш қаласына жақын бөлігінде болған.

Апат Мұғалжар ауданындағы автожолдың 94-шақырымында тіркелген. Екі көлік соқтығысып, салдарынан алты адамның өмірі қиылған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысының полиция департаменті қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, тасжолда жылдамдықты қауіпсіз деңгейде таңдауға және жолдағы жағдайға барынша мұқият болуға шақырды.

Материал авторы