156

Энрике Иглесиас Астанаға келді: әншіні әуежайдан жанкүйерлері қарсы алды

Астана әуежайында Энрике Иглесиасты жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

Энрике Иглесиас Астанаға келді: әншіні әуежайдан жанкүйерлері қарсы алды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемге танымал испаниялық әнші Энрике Иглесиас Астанаға ұшып келді. Музыкант 3 қыркүйекте елордадағы Astana Arena стадионында концерт береді. 

Әншіні Астана халықаралық әуежайынан бір топ жанкүйері күтіп алды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жанкүйерлердің Иглесиастан бірге суретке түсуді сұрағанын көруге болады. Әнші олардың өтінішін қабыл алып, бірнеше адаммен суретке түскен. Сондай-ақ ол жылы қарсы алғаны үшін жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

Энрике Иглесиастың бұл сапарының Қазақстан үшін маңызы ерекше – әнші елге алғаш рет келіп отыр.

Бұған дейін өнер иесі Instagram парақшасында Астанаға келгенін көрсететін видео жариялаған. Кадрларда Astana Arena-дағы концертке дайындық барысы бейнеленген.

Әншінің Астанадағы концерті 3 қыркүйек күні сағат 20:00-де басталады. Осыған байланысты Astana Arena маңындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылып, көрермендер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Астанадағы концерттен кейін Энрике Иглесиас Алматыға аттанып, 5 қыркүйекте оңтүстік мегаполисте өнер көрсетеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор