Футбол матчы қайғылы аяқталды: Астана тұрғыны ойын кезінде қайтыс болды
Атбасарда футбол ойыны кезінде 1968 жылы туған Астана тұрғынының жүрегі сыр берген.
Ақмола облысының Атбасар қаласында футбол матчы кезінде 58 жастағы Астана тұрғынының денсаулығы күрт нашарлап, көз жұмды.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 1968 жылы туған ер адамның өлімі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелген.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне жүрекке қатысты мәселелер себеп болған.
«Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші