154

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына өтті

Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында тағы бір қарсыласын жеңді.

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына өтті
REUTERS/Eduardo Munoz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің екінші айналымында жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы жазды.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда Испания өкілі, дүниежүзілік рейтингтің 105-сатысындағы Джессика Бузас Манейромен кездесті.

Рыбакина матчта қарсыласына мүмкіндік бермей, екі сетте де басымдық танытты. Кездесу 6:2, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті рет эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді. Ол алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

US Open-ның үшінші айналымында Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі.

Материал авторы