«Армения кімге керек?» Пашинян Лукашенконың сөзіне жауап берді
Армения Еуроодаққа ұмтылған шақта саяси пікірталас күшейді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің Еуропалық одаққа қосылу үдерісін бастау туралы заңнан бас тартпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім тек парламенттің саяси ұстанымы емес, армян қоғамының таңдауы болып отыр.
Пашинян Арменияның ЕО-ға қосылу үдерісін бастау туралы заң қабылдауы дұрыс қадам болғанын атап өтті. Оның сөзінше, аталған бастама елдің сыртқы саясаттағы бірқатар жетістіктеріне ықпал еткен.
Премьер-министр бұл заңды жоюды ұсынатын серіктестердің бар екенін де айтты. Алайда Пашинян мұндай ұсынысқа келіспейтінін жеткізді. Себебі оның пікірінше, құжаттың қабылдануы парламенттің ғана емес, армян халқының да саяси еркіндігін білдіреді.
Ол сондай-ақ Беларусь президенті Александр Лукашенконың бұған дейін Арменияның сыртқы саясатына қатысты айтқан сөзіне жауап берді.
Лукашенко 2024 жылғы тамызда берген сұхбатында Арменияның кімге қажет екенін сұрап, елге экономиканы дамытуға және қолда бар мүмкіндіктерге сүйенуге кеңес берген.
Пашинян бұл мәлімдемеге араға екі жыл салып жауап берді. 2026 жылдың шілдесінде ол Ереван Лукашенконың «Армения кімге керек?» деген сауалына жауап тапқанын айтқан еді.
Армения үкіметінің басшысы елдің Еуропалық бағыттан бас тартпайтынын тағы да нақтылады.
Материал авторы