16 жастағы қыздың өлімі: Қызылордада ер адам 20 жылға сотталды
Cотталған ер адам соңғы сөзінде кінәсін мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысында 16 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Шиелі ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызды өлтірді деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Astana TV басылымы жазды.
Сотта 2004 жылы туған ер адамның кінәсі тергеу барысында жиналған заттай дәлелдер мен сараптама қорытындылары арқылы толық дәлелденгені айтылды. Айыпталушы бұрын сотталмаған және отбасылы болған.
Сотталған азамат соңғы сөзінде қылмысын мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұраған.
Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 14-тармағында көзделген қылмыс бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар сот марқұмның анасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуді міндеттеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік баж өндіру туралы шешім шығарылды.
Материал авторы