ШҚО-да биыл ауаны ластайтын зиянды шығарындылар 3,2% азайды – Зүлфия Сүлейменова

20.05.2023, 10:31
757
ШҚО-да биыл ауаны ластайтын зиянды шығарындылар 3,2% азайды – Зүлфия Сүлейменова inform.kz

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова биыл өңірдегі кәсіпорындардың ауаны ластайтын зиянды шығарындылары 3,2%-ға азайғанын мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Өскеменде жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтуынша, ШҚО — ауаны ластайтын шығарындылар көлемі бойынша еліміздегі ең алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі.

«Республика бойынша ластаушы заттар шығарындыларының көлемі осы жылдың 1 тоқсанында 401,08 мың тоннаны құрады. Оның ішінде Шығыс Қазақстанда – 13,1 мың тонна. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ға төмен. Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізіліп отыр», - дейді Зүлфия Сүлейменова.

Өңірдегі экологиялық проблемаларды шешу үшін арнайы құрылған жол картасында 35 шара көзделген. Қазіргі уақытта оның 3-і орындалды.

«Облыстағы негізгі мәселелер – қалдықтарды басқару инфрақұрылымының нашарлығы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының бекітілген нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген полигондардың көптігі. Аймақ халқының 60%-ы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету қызметтерімен қамтылған. Қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау 2 елді мекенде жүргізіледі. Ғарыш арқылы мониторинг жасаудың арқасында 2022 жылы Шығыс Қазақстан 241 бей-берекет тасталған қоқыс үйіндісі анықталды. Оның шамамен 79%-ы жойылды», - дейді министр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды