Атырауда екі жеңіл көліктің жүк салғышынан 168 келі бекіре тәркіленді

20.05.2023, 12:18
589
Атырауда екі жеңіл көліктің жүк салғышынан 168 келі бекіре тәркіленді smartnews.kz

Атырауда екі жеңіл көліктің жүк салғышынан 168 келі бекіре тәркіленді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, «Бекіре – 2023» балық акциясы басталғаннан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзған 754 дерек тіркелген. Заңсыз балық аулаған 518 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Браконьерлікке, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерін заңсыз аулауға байланысты 28 қылмыстық іс қозғалды. Мәселен, Атырау-Құрманғазы тас жолында тоқтатылған «Лада-Приора» автокөлігінен 47 келі, Атырау қаласындағы Балықшы шағын ауданында «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүк салғышынан 121 келі 300 гр бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді. Ал, Ақтау қаласында «Toyota Ipsum» көлігінен салмағы 19,7 келі бекіре тұқымдас балықтар мен 1,5 келі қара уылдырық табылды. Құқық бұзушыларға 11,1 млн теңге айыппұл салынды», -деп хабарлады Олег Тушканов.

Оның дерегіне сүйенсек, заңсыз айналымнан 7 тонна 534 келі балық алынған. Тәркіленген су маржанының арасында 770,25 келі бекіре тұқымдас балықтар, 29,5 келі қара уылдырық бар.

Сондай-ақ, браконьерлерден 257 балық аулау құралы, 62 су көлігі мен 12 автомашина тәркіленген. Жайық өзенінің арнасы мен Каспий теңіз акваториясынан жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын 663 балық аулау құралдары алынған.

«Бекіре – 2023» акциясы 31 мамырға дейін жалғасады.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды