Халықаралық зерттеу: Ресейге жәрдемші елдердің тізімінде Қазақстан да бар

22.05.2023, 12:03
589
Халықаралық зерттеу: Ресейге жәрдемші елдердің тізімінде Қазақстан да бар smartnews.kz

Сырттан келіп елімізде компания тіркеп, Ресейге соғыс құралдарын арттырғандар бер деседі.

Енгізілген санкцияға байланысты әлемдегі ірі компаниялар Ресейге қандай да бір туар түрлерін экспорттауды бір жылдан астам уақыттан бері тоқтатқан. Соның ішінде әскери жабдықтар мен технологиялар мүлде бармайды. Бірақ шет елдердегі ірі компаниялар ондай бұйымдарды өзге елдерге экспорттап жатыр. Ал әлемдік ірі компаниялардан тауарды өздеріне импорттаған сол өзге елдердің кейбірі ебін тауып Ресейге асырып жатқаны жайлы айтылып келген.

Міне, осындай жайсыз әрекетке барып, Ресейді жарылқап жатқан елдердің аттары аталды. Өкінішке қарай ішінде Қазақстан да бар.

Латвияда тіркелген, журналистік зерттеуге машықтанған  «Важные истории» деген орыс интернет-басылымы, Германияның Der Spiegel апталық журналы, Босния және Герцоговинада негізі қаланған Organized Crime and Corruption Reporting Project Шығыс Еуропада, Кавказда, Орта Азияда, Латын Америкасында және Африкада жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстарды зерттейтін журналистер орталығы және Қазақстандағы «Власть» интернет-журналы халықаралық зерттеу тобын құрған екен. Осы зерттеу тобы санкцияны айналып өтіп, соғыс үшін қажетті бұйымдарды Ресейге сатып жүрген әр елдегі компанияларды анықтапты. Мұндай компаниялар алдымен әлемдегі ірі компаниялардан өз елдеріне тауарды импорттап, соңынан оны Ресейге экспорттайтын көрінеді.

Қазақстанда тіркелген, бірақ Ресейге миллиондаған долларға дрондар мен электронды бөлшектер жеткізіп жүрген компаниялардың аттары аталды. Зерттеген журналистер Қазақстан арқылы Ресейге санкцияға ілінген тауар тасымалдап жүрген «Аспан арба» компаниясын тауыпты. 2022 жылы сәуірде Алматыда тіркелген компания өзін дрон шығарумен айналысатынDJI компаниясының Қазақстандағы ресми өкілімін деп жариялаған екен. Оның басшысы Михаил Сапожников делінеді.

DJI – Қытай компаниясы.

Компания Украинадағы соғыс бастала салысымен-ақ Ресейге тауар сатуды тоқтатқан. Ал Қазақстандағы «Аспан арба» компаниясы DJI компаниясының 500-ге жуық дронын Ресейге сатқан деп жатыр. Зерттеушілер анықтаған деректерге қарағанда, «Аспан арба» компаниясы Қазақстанға жалпы құны 45 миллион долларды құрайтын 18 мың дрон жеткізуге лицензия алған. Фирма дрондарды DJI-дың Нидерландыда орналасқан еншілес компаниясы DJI Europe-тан сатып алып жүргені айтылады.

Осылайша,  «Аспан арба» компаниясы Еуропадан сатып алып, Қазақстанда тіркеткен қытайлық дрондардың бір бөлігін Ресейдегі «Небесная механика» деген компаниясына сатып үлгерген. «Аспан арба» компаниясының иегері деп аталған Михаил Сапожников бұрын Илья Голберг деген адаммен бірге «Небесная механика» компаниясын басқарған екен. Зерттеушілер дерегінше, Қазақстан арқылы жеткізілген дрондарды Ресей  Украинадағы соғыста қолданады. Қазақстанда тіркелген, соғыста қолданылатын санкциялық тауарлардың реэкспортына атсалысып жүрген тағы бір компания Da Group 22 деп аталады. Компания былтыр наурызда Астанада тіркелген. Басшысы  Александр Чернет. Компания Германияда Elix-st, Ресейде «Эликс-М» компанияларына иелік етеді. Германиядағы Elix-st қазақстандық Da Group компаниясына 800 мың долларға бөлшектер жіберген. Da Group оны Ресейдегі «Стэк» компаниясына сатқан. «Стэк» Ресейдің қорғаныс саласындағы кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.

Зерттеу авторларының айтуынша, 2022–2023 жылдары Ресейдегі «Стэк» компаниясы Қазақстаннан 4,2 миллион долларға бөлшек интегралды схема, диод, транзистор және басқа да тауарлар сатып алған.

Қазақстанның сырттан микрочип импорттауы күрт ұлғайыпты.  

Халықаралық зерттеу тобының дерегінен:

«Микрочип импорты күрт өсті. Ресми деректерге сәйкес, 2021 жылы Қазақстанға 35 миллион доллардың бөлшектері жеткізілген, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш артып келеді. 2022 жылы импорт екі есе өсіп, 75 миллион доллардан асты. Бұрын Қазақстаннан Ресейге бағытталған микрочип экспорты 245 мың долларды құраса, қазір бұл көрсеткіш 70 есе артып, 18 миллион долларға жетті».

Мінеки, Ресейге жұмыс істейтін сырттың адамдары Қазақстанда компания тіркеп, орыс еліне соғыс құралдарын санкцияны айналып өтіп жеткізіп жатыр екен. Мұның соңы Қазақстан ұятқа қалып, елімізге Батыс санкция салуына апарып соғуы мүмкін. Компаниялардың мұндай әрекетіне тыйым салынса құба-құп болар еді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды