Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады

02.06.2025, 09:15
6136
Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Ақорда

Тоқаев Қазақстанның ғарыш саласындағы тарихи рөлін де ерекше атап өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай арнайы видеоүндеу жасады. Бұл туралы Ақорда жеткізді.

Президент өз құттықтауында Байқоңырдың жаһандық маңызын атап өтті.

"1957 жылы дәл осы жерден алғашқы Жер серігі ұшырылып, адамзат ғарышты игеру дәуіріне қадам басты. 1961 жылы Юрий Гагарин ғарышқа аттанып, бүкіл әлемге үміт пен прогрестің белгісіне айналды. Сол кезден бері айлақтан мыңдаған спутник ұшырылып, ондаған халықаралық миссия іске асты", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстанның ғарыш саласындағы тарихи рөлін де ерекше атап өтті. Ол Байқоңырдан ғарышқа көтерілген қазақ ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовті мақтанышпен еске алды.

Президенттің айтуынша, Байқоңыр – Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестіктің символы. Сонымен қатар ол ұлттық ғарыш саласының соңғы жылдары бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырғанын айтты.

"Қазақстан Байқоңырды халықаралық ынтымақтастықтың, ғылым мен туризмнің орталығына айналдыруға ниетті. Біз жас инженерлер мен ғалымдардың әлеуетін арттыра отырып, ғарыш нарығында өз орнымызды кеңейтуге ұмтыламыз", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Байқоңыр қаласының тұрғындарына да алғыс айтты. Ол олардың табанды еңбегі мен тарихи мұраны сақтаудағы рөлін ерекше бағалады.

"Ғарыш саласы – бүкіл адамзатты ортақ мақсаттарға жетелейтін күш. Байқоңыр алдағы уақытта да жаңашылдық пен ғылыми-техникалық прогрестің ошағы болатынына сенемін", – деді Президент.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды