Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек

02.06.2025, 09:55
3979
Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек depositphotos.com

Ұлытау облысында су құбыры құрылысына 570 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысының ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаражат Жаңаарқа ауданының бірнеше ауылына су құбырларын тартуға бағытталды. Атап айтқанда:

Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіне – 274 млн теңге,

Бидайық ауылдық округіне – 296 млн теңге бөлінді.

Жобалар толық аяқталған соң Жаңаарқа ауданында ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жетеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік:

Қалаларда – 99,4%,

Ауылдық жерлерде – 97,8% құрайды.

Ал Ұлытау облысында бұл көрсеткіш:

Қалаларда – 100%,

Ауылдарда – 97,3% деңгейінде.

Аталған инфрақұрылымдық жобалар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр