Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды

02.06.2025, 14:33
5294
Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Benjamin Netanyahu / X

Канцлер алдағы уақытта барлық тұтқындардың босатылып, атысты тоқтату туралы келісімге келуге үміт білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Германия канцлері Фридрих Мерц Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға шұғыл гуманитарлық көмекті арттыруға шақырды. Бұл туралы Германия үкіметінің ресми өкілі Штефан Корнелиус Берлинде мәлімдеді.

Мерц Израиль үкіметін "жеткілікті көлемде көмек көрсетіп, оның қауіпсіз және әділ бөлінуін қамтамасыз етуге" үндеді. Сонымен қатар, канцлер Израильдің қауіпсіздігі мен егемендігін Германияның мемлекеттік доктринасының бір бөлігі екенін атап өтті.

Сөйлесу барысында Мерц ХАМАС ұйымының террорлық әрекеттерін айыптап, бұл қозғалысты қару-жарақтан бас тартуға шақырды. Канцлер алдағы уақытта барлық тұтқындардың босатылып, атысты тоқтату туралы келісімге келуге үміт білдірді.

"Федералды үкімет қазір де Израиль мен Палестина мемлекеттерінің қатар өмір сүруін көздейтін екі мемлекеттілік шешімді бейбіт болашақтың ең ұтымды жолы деп санайды", — деді Корнелиус.

Алайда Мерц Израиль армиясының Газа секторындағы әрекеттеріне қатысты алаңдаушылық білдіріп, "бейбіт тұрғындардың шектен тыс зардап шегіп жатқанын терроризммен күреспен ақтауға болмайды" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол 26 мамыр күні Берлиндегі Europaforum шарасында сөйлеген сөзінде айтты.

"Шын айтсам, мен Израиль армиясының Газа секторындағы нақты мақсатын түсінбеймін. Біз бұны анық әрі ашық айтуымыз керек", — деді канцлер.

Десе де, ол Германия Израильге қатысты көпшілік алдында пікір білдіруде барынша ұстамды болуы тиіс екенін мойындады. Соған қарамастан, "халықаралық гуманитарлық құқық нормалары бұзылған жағдайда, үнсіз қалуға болмайтынын" айтты.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды