622

FlyArystan компаниясының ұшып келе жатқан екі әуе кемесіне құстар соғылды

Қазақстандағы лоукостер FlyArystan компаниясының ұшып келе жатқан екі әуе кемесіне құстар соғылды. Бұл ұшақтар Түркістан – Астана және Қостанай – Астана бағыты бойынша сапарға шыққан, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

FlyArystan компаниясының ұшып келе жатқан екі әуе кемесіне құстар соғылды
tengritravel.kz

Бұл ақпаратты әуе компаниясының байланыс орталығы растады. FlyArystan өкілдері осы оқиға салдарынан Астана – Қостанай және Қостанай – Шымкент бағыты бойынша басқа рейстер кейінге шегерілгенін хабарлады. Ұшақтардың шығу уақыты сағат 18:15-ке және 20:00-ге ауыстырылды.

«Билет құны толық қайтарылады немесе басқа күнге қайтадан билет алуға болады. Бұл жұмыстар ақысыз іске асырылады», - делінген FlyArystan байланыс орталығы мәліметінде.