505

Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясы жанынан жас ғалымдар кеңесі құрылады

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария алматылық жас ғалымдармен кездесті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясы жанынан жас ғалымдар кеңесі құрылады
inform.kz

Негізгі талқы ғылымды жандандыру, жас ғалымдарды қолдау тақырыбында өрбіді. Академия президенті жас ғалымдар кеңесін құруды ұсынды.

«Кеңес отырысы жылына төрт рет, яғни тоқсан сайын өтеді. Басқосуда кеңес мүшелері өзекті мәселелерді ортаға салып, талқылап шешетін болады. Бүгін біз алғаш рет кездесіп отырмыз, мұнда түрлі саланың ғалымдары мен сарапшылары қатысуда. Мұны мен патриоттық акт деп қабылдаймын. Яғни, сіздер қазақ елінің болашағын ойлайсыздар. Сіздерге алғысым шексіз», - деді Күнсұлу Закария.

photo


Ол кеңес құрамына белгілі бір саланы дамыту үшін өз идеяларын ұсына алатын 40 жасқа дейінгі табысты жас ғалымдар мүше болатынын атап өтті.

«Кеңестің жас ғалымдары өз ойларын ортаға салып, бар проблемаларды айтып, ел мен ғылымның дамуына үлес қосуы керек. Біз ең табысты, мықты, сауатты ғалымдарды ұсынатын боламыз. Бірақ олар өз кандидатурасын өздері ұсынуы керек. Кеңесте ғылымның барлық саласының өкілдері болуын қамтамасыз етеміз. Қанша адам болатынын кейінірек шешеміз, әрине, санға шектеу болады. Бұл Кеңестің қашан құрылатыны ғалымдардың өздеріне байланысты, бірақ менің ойымша, бұл кеңес таяу уақытта пайда болады, өйткені барлығы осыған мүдделі», - деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті.