АҚШ қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз шегі мерзімін ауыстырды

27.05.2023, 15:29
574
АҚШ қаржы министрлігі мемлекеттік қарыз шегі мерзімін ауыстырды AP Photo / J. Scott Applewhite

АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен жұма күні егер Конгресс мемлекеттік қарыз шегін 5 маусымға дейін көтермесе ел үкіметі барлық шотын уақытында төлей алмайтынын ескертті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти мен басқа да Конгресс көшбасшыларына жазылған хатта Йеллен ханым америкалық заң шығарушыларға мемлекеттік қарыздың шекті сомасына байланысты келісім орнату үшін нақты шекті мерзімді көрсетті. Шекті сомма дегеніміз – АҚШ үкіметі шығындарын өтеу үшін заңды түрде қарызға ала алатын қаржы.

Бұған дейін Йеллен АҚШ үкіметінің ақшасы 1 маусымда таусылып қалуы мүмкін екенін болжаған. Елдегі жетіспеушілікті қысқартуға тырысып жатқан АҚШ президенті Джо Байден мен Конгресстегі Республикалық партия өкілдері әлі де елде бұрын-соңды болмаған дефолттың алдын алу туралы шешімге қатысты келіспеушіліктерді жоюға тырысып жатыр.

«Ең кейінгі қолжетімді деректерді негізге алсақ, егер Конгресс мемлекеттік қарыз шегін 5 маусымға дейін көтермесе немесе тоқтата тұрмаса үкіметтің міндетін орындауға қазынада қаржы жеткіліксіз болмақ», - деп атап өтті Йеллен хатында.

Сондай-ақ ол 130 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы, жоспар бойынша, алдағы айдың алғашқы екі күнінде әлеуметтік қамтамасыз етуге жұмсалатынын жазды, ал 5 маусымнан бастап 1 апта ішінде қосымша шығындарға шамамен 92 миллиард АҚШ доллары керек.

Сонымен қатар қаржы министрі Конгресс басшыларын келісімге тезірек келуге шақырып, «мемлекеттік қарыздың шегін төмендетуді немесе ұлғайтуды соңғы минутқа дейін күту бизнеске және тұтынушылардың сеніміне айтарлықтай зиян келтіріп, салық төлеушілер үшін қысқа мерзімді қарыз алу құнын арттырып, АҚШ-тың несие рейтингіне теріс әсер етуі мүмкін екенін» айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды