Fly Arystan-ның Air Astanа-дан бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді
Air Astanа әуекомпаниясының президенті Питер Фостер Fly Arystan Air Astanа-дан бөлінсе, онда тарифтер төмендемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері Air Astana-дан Fly Arystan-ды бөліп шығару нарық пен тарифтерге қаншалықты әсер етуі мүмкін екенін Питер Фостерден сұрап көрді.
«Бұл мәселеге түсініктірек тоқталуға рұқсат етіңіз. Егер Fly Arystan-ды Air Astana-дан дереу бөліп шығаруды қарастыратын болсақ, онда тарифтерді төмендету туралы әңгіме болмайды. Керісінше, тарифтер өсуі мүмкін», - деді Питер Фостер.