Қазақстандық студенттер әлемдік АКТ-байқауында жеңіске жетті

30.05.2023, 13:27
678
Қазақстандық студенттер әлемдік АКТ-байқауында жеңіске жетті inform.kz

Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition ақпараттық-коммуникациялық технологиялар байқауының әлемдік финалының жеңімпаздары атанды.

Шэньчжэнь қаласында өткен байқаудың қорытынды кезеңінде Қазақстаннан 2 команда қатысты: ХАТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттерінің командасы Network Track бағытында бірінші орынды, ал Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттерінің командасы Cloud Track бағытында үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«74 елдің ішінен Қазақстан дегенде бүл естен кетпес сәт болды. Жеңіске жету үшін біз көп дайындалдық, бар күшімізді салдық. Әрине, тапсырмалар өте қиын болды, бірақ біз барлық білімімізді қолдануға тырыстық», - деп бөлісті Huawei ICT Competition финалында бірінші орын алған команданың студенті Аида Бегайдарова.

Huawei ICT Competition 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазіргі жетінші байқауға әлемнің 74 елі мен аймағынан 2000 университет пен колледжден 120 000-нан астам студент қатысты. 146 команда, 36 ел мен аймақтан 429 студент ұлттық және аймақтық жарыстардан кейін жаһандық финалға қатысу үшін Қытайға барды. Олардың көпшілігі - университеттерде ашылған Huawei АКТ академияларының мүшелері. Білім беру жобасы жыл сайын 200 000 адамды оқытады және студенттер санын 5 есе көбейтуді жоспарлап отыр.

photo

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға қарай 100 мың қазақстандық IT-мамандарды даярлау стратегиясы шеңберінде Huawei Technologies Kazakhstan техникалық мамандандыру студенттерін даярлау және отандық кадрларды қолдау үшін бүкіл Қазақстан бойынша АКТ-Академиялар желісін дамытуда.

«Жаһандық жарыстарға қатысу үшін өте ауқымды материалды білу керек: ол дегеніміз бұлтты технологиялар, үлкен деректерді өңдеу және жасанды интеллект», - деп атап өтті Huawei АКТ академиясының бапкері Виктор Тайлаков.

АКТ саласындағы Huawei байқауы бүкіл әлем бойынша АКТ Академиясына түскісі келетін Huawei академиялары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне бағытталған. Байқау арқылы Huawei студенттерге бәсекелестік пен идеялармен бөлісу платформасын ұсынуға ұмтылады, осылайша олардың АКТ саласындағы білімі мен практикалық дағдыларын кеңейтеді, сонымен қатар жаңа технологиялар мен платформаларды пайдалану арқылы инновацияларға деген қабілеттерін арттырады.

«Академияларға және байқауға қатысу барлығына толығымен тегін. Біз үшін ең алдымен мамандарды даярлау маңызды. Екіншіден, әр ел цифрлық экономиканы құруда. Бұл үшін техникалық дағдылар қажет. Осы байқау арқылы біз әр ел мен аймақ үшін білікті кадрлар дайындағымыз келеді», - деп атап өтті Huawei EBG Жаһандық серіктестіктер мен сатылымдарды дамыту департаментінің президенті Сяо Хайцзюнь.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады