Алматыда жеңіл автокөлік қоқыс төгетін шұңқырға түсіп кетті

30.05.2023, 14:31
602
Алматыда жеңіл автокөлік қоқыс төгетін шұңқырға түсіп кетті t.me/egovpress

Алматыда тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік шұңқырға аударылып қалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Желіде тараған видеода көліктің Саин - Жұбанов көшелерінің қиылысындағы аулалардың бірінде аударылып жатқаны айтылады.

Аталмыш оқиғаға байланысты Әуезов ауданының әкімдігі түсінік берді.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған учаске - бірінші шағынаудандағы 74 және 76 үйлердің арасындағы қатты тұрмыс қалдықтарын (ҚТҚ) шығаруға арналған қоқыс алаңына іргелес аумақ.

«Бұл учаскені жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қоқыс шығару үшін пайдаланады. Көмілген контейнерлерден ҚТҚ шығару жұмыстарын «Тәртіп» АҚ мердігер ұйымы жүргізеді. Тапсырыс беруші - экология және қоршаған орта басқармасы. Бүкіл осындай шұңқырларды ауданның коммуналдық қызметтері үнемі көміп отырады», - деп хабарлады Әуезов ауданының әкімдігі.

Әкімдік сондай-ақ көлік аударылып қалған шұңқырдың қазір жабылғанын хабарлады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды