Некеге тұрмас бұрын қыз бен жігіт бедеулікке медициналық тексерістен өтуі тиіс – министрлік түсініктеме берді

31.05.2023, 14:04
681
Некеге тұрмас бұрын қыз бен жігіт бедеулікке медициналық тексерістен өтуі тиіс – министрлік түсініктеме берді smartnews.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Шакизат Халықова некеге тұрмас бұрын бедеулікке арнайы медициналық тексерістен өту бастамасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бұл – жоба. Оның аясында айтылып отырған ұсыныс міндетті тексеруді көздемейді. Әрбір жас жұп некеге тұрмас бұрын ерікті түрде осы тексерістен өтіп, денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат ала алады. Алынған мәліметтердің нәтижесі жігіт немесе қыздың қолына беріледі. Ол некені әрі қарай жалғастырмау керек деген шектеу емес. Некеге тұруға тыйым салынбайды», - деп түсіндірді ОКҚ-де өткен брифингіде Аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы Шакизат Халықова.

Спикердің пайымынша, аталған жоба жоспарлы жүктілікке бағытталған. Егер алдын ала медициналық тексеруден өткен кезде ер адамнан немесе қыздың денсаулығында дерт анықталса, оған ем ұсынылады. Ол неке кезінде болуы мүмкін теріс салдардың алдын алуға арналған.

Еске сала кетейік, таяуда Денсаулық сақтау министрлігі жастарға неке құрмас бұрын бедеулікке арнайы медициналық тексеруден өтуді ұсынған болатын.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды