СІМ Кореяда ұсталған қос қазақстандық туралы: Оларға ұзақ мерзімді жаза сұралуы мүмкін

05.06.2023, 18:22
712
СІМ Кореяда ұсталған қос қазақстандық туралы: Оларға ұзақ мерзімді жаза сұралуы мүмкін korea_komek

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Корея әуежайынан қашқан қазақстандықтардың жағдайына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, осы және басқа да бұзушылықтар үшін оларға ұзақ мерзімді жаза сұралуы мүмкін, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Айбек Смадияров алғашқы сот отырысы өтіп кеткенін айтты.

"Алдағы уақытта тиісті шаралар қабылданып, мәліметтер нақтыланатын болады. Олар Оңтүстік Корея аумағында жазаланады. Әрине, ауыр бұзушылық. Оларға қылмыстық құқық бұзушылықтар ғана емес, қаржылық құқық бұзушылықтар бойынша да айып қосылды. Олар келтірген зиян үшін өтемақы төлеуі керек. Сондықтан біз сот шешімін күтіп отырмыз, бірақ ола ұзақ мерзім сұрауы мүмкін", - Айбек Смадияров.

2023 жылы 27 наурызда Оңтүстік Кореяға заңсыз келгендіктен елге кіргізуден бас тартылған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан қашып, шекараны заңсыз кескен. ҚР СІМ мәліметінше, екі қазақстандыққа Оңтүстік Корея заңнамасын үш рет бұзғаны үшін айыптар тағылып отыр. Біріншісі - "Иммиграциялық бақылау туралы" заңды бұзу, яғни елге заңсыз кіру. Екіншісі - "Иммиграциялық бақылау туралы" заңды бұзу, яғни ел аумағында заңсыз болу. Үшіншісі – "Әуежай объектілері және оның құрылыстары туралы" заңды бұзу, материалдық залал келтіру".

ҚР СІМ мәліметінше, қазақстандықтардың бірін кейін жергілікті полиция сақшысы ұстаған, екіншісі кейін кінәсін мойындап, полицияға өз еркімен берілген.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды