Петропавлды Ресейге қосуды сұраған әйел 3 жылға сотталды

06.06.2023, 15:41
4331
Петропавлды Ресейге қосуды сұраған әйел 3 жылға сотталды smartnews.kz

Петропавл тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, Петропавл қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттау» бойынша С.- ға қатысты қылмыстық істі қарады.

«Петропавл тұрғыны 2021 жылғы 6 қыркүйек күні шамамен сағат 22.00-де әпкесінің ұялы телефонын пайдалана отырып, бейнебайланыс арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен пайдаланушылардың анонимді қарым-қатынасына арналған «Чат Рулетка» қосымшасына кірген. Кездейсоқ қосылу нәтижесінде бұрын таныс емес ер адаммен онлайн әңгіме бастаған.

«Чат Рулетка» қосымшасындағы бейнебайланыс арқылы әңгімелесу барысында С. кездейсоқ пайдаланушы-әңгімелесушінің сұрақтарына Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласын Ресей Федерациясының құрамына алуын өтіне бастаған. Ер адам әңгімелесуді жазып алып, сол күні жазбаны YouTube бейнехостингінде жариялады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Прокурор С.-ны 6 жылға бас бостандығынан айыруды, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеуді тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәні ішінара мойындады. Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді.

Нәтижесінде Петропавл қалалық соты С.-ның жұбайы 1-топтағы мүгедек екендігін және оның жас баласының болуын ескеріп, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті