Apple, Google, Microsoft топ-менеджерлері Astana Hub технопаркімен танысты

08.06.2023, 14:14
721
Apple, Google, Microsoft топ-менеджерлері Astana Hub технопаркімен танысты astanahub.com

Astana Hub халықаралық технопаркіне АҚШ трансұлттық және технологиялық компанияларының, соның ішінде Apple, Microsoft, Google, Chevron, ExxonMobil, Boeing, Bechtel, Baker Hughes, Coca Cola, S&P Global, General Electric, GE Healthcare, EPAM Systems, Coursera Honeywell, Valmont Irrigation және т.б. топ-менеджерлері келді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Делегацияны АҚШ Сауда палатасының вице-президенті Куш Чокси мен Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев алып келді.

«Бұл АҚШ сауда миссиясының Қазақстанға бірінші сапары. Құрамында жиырмадан астам америкалық компания бар, соның ішінде көбі әлемге әйгілі. Қазақстан – америкалық бизнес қауымдастығы үшін ең шалғай нарықтардың бірі. Соған қарамастан, бұл компаниялардың елімізге келуі қазақстандық нарыққа деген ерекше қызығушылығын көрсетеді. Дипломат ретінде біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыламыз», - деді Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев.

ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі Асқар Жамбакин және Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев қонақтарға Қазақстанның IT-экожүйесі және технопарк қызметі туралы баяндады.

Сондай-ақ шетелдік қонақтар Astana Hub жанындағы Блокчейн орталығы және Alem мектебімен танысты. Олар технопарктің жоғары әлеуетіне тәнті болып, алдағы уақытта Қазақстан компанияларымен ынтымақтастық орнатуға ықылас танытты.

«Біз Astana Hub-пен Microsoft Startups экожүйесін дамыту бойынша жұмыс істегіміз келеді. Технопарк IT-экономика мен ресурстарын дамытуға ықпал ететін білім саласын дамытуға бастамашы болып отырғаны керемет екен, бұл біздің корпорацияның мақсатына сай келеді» - деді Орталық Еуропа бойынша Microsoft бас директоры Мишель Саймонс.

Делегация назарына технопарк қатысушыларының жобалары - Voiceloft, Kid Security, Black Ice AI, Goat Chat стартаптары ұсынылды.

«Astana Hub-қа әлемдік нарықтың көшбасшылары келгеніне қуаныштымыз. Біз қазірдің өзінде EPAM, Microsoft, Google for Startups компанияларымен белсенді жұмыс істеп жатырмыз және әрқашан жаңа мүмкіндіктер мен серіктестікке дайынбыз. Бүгін біз технопарк қызметі мен коллаборация нәтижесітуралы әңгімелестік, Қазақстанға ғана емес, басқа елдерге де тиімді және қолайлы болуға қауқары бар стартаптарымыз - инновациялық жобаларды таныстырдық», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Еске салсақ, Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технологиялық парктердің бірі. Қазіргі уақытта технопаркте мыңнан астам қатысушы бар. Олар 14 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Astana Hub-тың білім беру бағдарламаларында 20 мыңнан астам адам оқыды және 2 мыңнан астам адам инкубациялық және акселерация бағдарламаларынан өтті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)