Атырау облысында ғарыштан барлау арқылы 68 қоқыс алаңы табылды
Атырау облысында ғарыштан барлау арқылы заңсыз төгілген 68 қоқыс алаңы анықталды. Қоқыс алаңдарын тазалау баяу әлі аяқталмаған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің айтуынша, «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ түсірілімімен анықталған қоқыс алаңдары геопорталдың базасына тіркелген.
«Атырау облысының аумағында 68 заңсыз орналасқан қоқыс орны анықталды. Оның ішінде Атырау қаласында 63 қоқыс орны бар. Ал, Жылыой ауданының аумағында - 3, Мақат ауданында - 2 қоқыс алаңы орналасқан. Қазір қоқыс алаңдарын тазалау жұмыстар өте баяу жүргізілуде. Әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Тазаланған орындар туралы ақпараттар мен құжаттар геопорталдан алып тастау үшін департаментке жолданбай отыр», -деп мәлім етті Әлібек Бемұхаметов.