Талдықорғанда мемқызметшілер, журналистер, спортшылар мен әртістер пәтерді заңсыз алған – облыс әкімі

13.06.2023, 14:35
704
Талдықорғанда мемқызметшілер, журналистер, спортшылар мен әртістер пәтерді заңсыз алған – облыс әкімі smartnews.kz

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда 1 мыңнан астам заңсыз берілген пәтердің қалай анықталғанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Түрлі себептерге байланысты 2010 жылдан бастап Талдықорған қаласында үй алу үшін кезек күткендер саны 15 мыңға жуықтады. Соңғы 3-5 жылда жеке тұрғын үй құрылысына бірде-бір жер учаскесі бөлінген жоқ. Бұдан басқа, барлық өңірлер 2016-2017 жылдардан бастап «КЕЗЕКТЕ» электрондық базасының жаңа тәртібімен жұмыс істей бастады. Ал біздің өңірде, яғни Талдықорғанда 2021 жылдың аяғынан 2022 жылдың басына дейін кезекке қою 19 санат бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, кезек күткендер электрондық базаға енгізілмеді. Ал «КЕЗЕКТЕ» бойынша электрондық базалар тек 6 санат бойынша ғана жүргізіледі. Нәтижесінде осындай түсініксіз жағдай болды», - деп түсіндірді Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Осыған байланысты кезек реті сақталмай, адамдардың кезегі кейінге сырғыған. Салдарынан қала тұрғындары наразылық білдіріп, мәселе көтере бастады. Сонымен қатар, тексеру кезінде Талдықорғанда 1218 пәтердің заңсыз берілгені белігілі болды.

«Ең өкініштісі заң талаптарын сақтамағандардың арасында мемлекеттік қызметшілер, журналистер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар мен әртістер де бар. Олар барлық заңнамалық актілерді өрескел бұза отырып, кезекті айналып өтіп, пәтерлер алған. Біз олармен бір жыл бойы күресіп келеміз. Мен нақты аты-жөндерін атағым келмейді», - деді облыс әкімі.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, бүгінде 500-ге жуық пәтер заңдастырылған. Ал, 10-ға жуық баспана мәселесімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі айналысып жатыр. Тағы 100-ден астам пәтерге қатысты іс сотта қаралуда.

«Тағы бір айқын дәлел - 2002-2003 жылдардан бастап 2022 жылға дейін жүргізілген кезекке қатысты барлық қағаз құжаттар мен олардың электронды нұсқалары жойылған. Осылайша, жүйеден 1700-ге жуық адам шығарылып тастаған. Біз бір жыл бойы осы кезекті қалпына келтірумен айналыстық. Мұның себепсіз жасалмағанын өзіңіз түсініп отырсыз. Сондықтан бұл проблемамен біздің құқық қорғау органдары айналысады, кінәлі адамдар жазаланады», - деп түйіндеді ол.

Әкім заңдастырылған пәтерлер нақты мұқтаж жандарға қайта бөлінетінін атап өтті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды