Атырау мен Шымкентте терроризмді насихаттағандарға үкім шықты

15.06.2023, 09:46
493
Атырау мен Шымкентте терроризмді насихаттағандарға үкім шықты smartnews.kz

Атырау облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қалалық №2 соты Атырау облысының тұрғыны Т.-ны терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Тергеу оның діншілер арасында радикалды діни идеологияны белсенді таратып, азаматтық тұлғаларға қатысты зорлық әрекеттерге шақырғанын дәлелдеді.

«Сондай-ақ Шымкент қалалық Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Шымкент қаласының 2 тұрғыны осы факті бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының ықпалына түскен. Тергеу барысында анықталғандай, олар әлеуметтік желі арқылы терроризм идеологиясын насихаттаған. Сондай-ақ террористік әрекеттер жүріп жатқан аймаққа бару үшін шетелдік содырлармен байланыспақшы болған», - делінген хабарламада.

Аталған тұлғалардың кінәсі куәгерлермен, заттай деректермен және басқа да материалдармен толық дәлелденді. 2023 жылдың басынан ҰҚК антитеррор құрылымдары террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен республиканың 31 тұрғыны мен шетелдік азамат ұсталды. Сот органдары осы уақыт аралығында осындай фактімен тағы 10 адамды түрлі мерзімге темір торға жапқан.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген