Атырауда жаңа әуежай салынады

16.06.2023, 14:33
533
Атырауда жаңа әуежай салынады smartnews.kz

Атырауда жаңа әуежай салынады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Заманауи талаптарға сай келетін жаңа терминал салуды жоспарлап отырмыз. Атырауда жолаушылар ағыны мол. Сондықтан, қолданыстағы терминал бүгінгі күннің талабына жауап бере алмайды», - деді облыс басшысы Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатыр.

«Бүгінде терминал құрылысына қатысты инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Ол 3 млн жолаушы легіне есептелінеді. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған терминал тек мемлекеттік емес, ол жерде түрік инвесторы да бар екендігін атап өткім келеді. Сондықтан, кейбір мәселені бірлесіп шешуіміз қажет. Сол себепті, келіссөз процесі біршама созылады. Ол аяқталғаннан кейін хабарлаймыз», - деді Серік Шәпкенов.

Өңір басшысы терминал салынатын жер учаскесі белгілі екендігін атап өтті.

«Мұнан ары келіссөздерге қарай жұмыс істейміз. Құрылыс жұмысының басталуы келіссөздердің аяқталуына байланысты. Біз де оның тезірек болғанына мүдделіміз», - деді облыс әкімі.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған