Ерлан Қарин: Президент жаңа идеологиялық стратегияны іске асырудың нақты қадамдарын ұсынды

17.06.2023, 17:13
606
Ерлан Қарин: Президент жаңа идеологиялық стратегияны іске асырудың нақты қадамдарын ұсынды akorda.kz

Президент еліміздің жаңа идеологиялық стратегиясын іске асырудың нақты қадамдарын ұсынды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм каналында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде қоғамның рухани дамуының перспективалары мен тұжырымдамалық бағдарын ғана айқындап берген жоқ. Сонымен қатар, еліміздің жаңа идеологиялық стратегиясын іске асырудың нақты қадамдарын ұсынды», - дейді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші бұл арада негізгі бірнеше бағытты атап өтеді.

«Біріншіден, Мемлекет басшысы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды, ұлттық құндылықтарды одан әрі дамытуды, халқымыздың бірегейлігін нығайтуды идеологиялық жұмыстың басты басымдықтары ретінде айқындап берді.

Екіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Тәуелсіздік мұраттары және патриотизм, еңбек пен білім культі, құқық пен тәртіп, адамгершілік пен жауапкершілік секілді құндылықтарды мақсатты түрде алға тартып келеді. Енді Президент бұл құндылықтарды»Әділетті Қазақстан – Берекелі қоғам – Адал азамат«атты бірыңғай тұжырымдамаға біріктіріп отыр.

Қоғамның жаңа әдебін қалыптастыру бағытындағы жұмыс өте ауқымды. Оны жүзеге асыруға мемлекет те, тұтас қоғам да, еліміздің әрбір азаматы да жауапкершілікпен қарауы қажет.

Үшіншіден, Мемлекет басшысы білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша нақты жобалар ұсынды. Ал бұл – еліміздің идеологиялық бағытын дамытудың нақты бағдарламасы.

Сонымен қатар, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жөніндегі бастамаларды тез арада іске асыру мүмкін емес. Осылайша, Президент ел дамуының ұзақ мерзімді күн тәртібін белгілеп берді.

Төртіншіден, аталған бастаманың жұртшылыққа ұсынылған уақытын да ерекше атап өткен жөн. Біз қазір саяси реформалардың басым бөлігін жүзеге асыруды аяқтап, экономикада үлкен өзгерістерді бастайтын сәтте тұрмыз. Сондықтан, Президенттің қоғамдық құндылықтарды нығайту туралы бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр.

Жалпы алғанда, біз Президент реформаларының үш бағыттағы үйлесімділігін көріп отырмыз: саясат, экономика, идеология», - деді ол.

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады