Атырау облысында полигонда қоқыс өртеген серіктестік айыппұл төледі

20.06.2023, 09:47
697
Атырау облысында полигонда қоқыс өртеген серіктестік айыппұл төледі Видеодан алынған кадр

Атырау облысында полигонында қоқыс өртенген серіктестік айыппұл төледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жылыой ауданындағы «Промэкология» ЖШС-нің өндірістік полигонында өндірістік және тұрмыстық қалдықтар өртенген. Әлеуметтік желіде полигондағы қара түтіннің будақтағаны түсірілген видео тарады.

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, полигон аумағында ағаш жаңқалары тұтанған. Кейін қатты желдің салдарынан жалын ескі шиналар жиналған алаңға тараған. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Осыған байланысты облыстық экология департаментіне Жылыой ауданының прокуратурасынан қатынас хат пен жергілікті тұрғын М.Нұрғазиевтің өтініші түсті. Департамент мамандары тексеру жүргізіп, «Промэкология» ЖШС-нің полигонындағы жанған қалдықтар үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Серіктестікке қысқартылған түрде 86 мың 250 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл өндіріліп алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында заңсыз 34 полигон анықталған.

Кейін ғарыштан барлау арқылы 68 қоқыс алаңы табылған.

Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің айтуынша, «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ түсірілімімен анықталған қоқыс алаңдары геопорталдың базасына тіркелген.

«Атырау облысының аумағында 68 заңсыз орналасқан қоқыс орны анықталды. Оның ішінде Атырау қаласында 63 қоқыс орны бар. Ал, Жылыой ауданының аумағында - 3, Мақат ауданында - 2 қоқыс алаңы орналасқан. Қазір қоқыс алаңдарын тазалау жұмыстар өте баяу жүргізілуде. Әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Тазаланған орындар туралы ақпараттар мен құжаттар геопорталдан алып тастау үшін департаментке жолданбай отыр», -деп мәлім етті Әлібек Бекмұхаметов.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады