551

Павлодар облысында күшті жел мектеп пен қазандықтың шатырын жұлып түсірді

Екі оқиға да Екібастұз маңында болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Павлодар облысында күшті жел мектеп пен қазандықтың шатырын жұлып түсірді
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

«19 маусымда секундына 17 метр жылдамдықпен соққан күшті жел салдарынан бірнеше нысанның шатыры ұшты», - деп хабарлады Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД ақпараты бойынша, екі оқиға да Екібастұз қаласы маңындағы Бозшакөл ауылында болған.

photo

«Бозшакөл орта мектебі мен аумағы 100 шаршы метр орталықтандырылған қазандықтың шатыры жұлынды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп нақтылады мекеме.

Кеше жел осы Бозшакөл ауылындағы тасжолды жарық қылып тұрған бағандарды құлатқанын еске сала кетейік.