493

Қазақстан барысы турниріне бөлінген қаражаттың жұмсалуы тексеріліп жатыр

Жыл сайын ұйымдастырылатын Қазақстан барысы қазақ күресінің турнирін өткізуге жұмсалып жатқан қаржыға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қаржы мониторингі агенттінің Алматы қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Қазақстан барысы турниріне бөлінген қаражаттың жұмсалуы тексеріліп жатыр
smartnews.kz

Турнирге биыл бюджеттен 1,075 млрд теңге бөлінген. Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу барысында бюджет қаражатын жұмсалу заңдылығын тексеріп жатқаны жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ басшылық мен мердігер өкілдерін жауапқа алып, тінту және құжаттарын алу арқылы тергеу жұмыстарын жүргізуде. 

ҚМА баспасөз қызметі тергеу аяқталғанша, өзге ақпараттар жарияланбайтынын айтты.