Астана сотының ресми сайтын әлдебіреулер бұзып, қате ақпарат жариялаған
Астана қаласының соты ресми сайтын әлдебіреулер бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Қалалық соттың мәліметінше, шамамен 10 минут бұрын сайтта Гүлмира Сатыбалды ісіне шыққан апелляциялық үкім жайлы хабарлама жарияланған.
Мекеменің мәлімдеуіне сенсек, бұл сенімді ақпарат емес.
«Нақты ақпарат алу үшін Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз» деп өтінеді соттан.