Атырау облысында жастарға терроризмді насихаттаған 4 адамдық топ ұсталды

22.06.2023, 12:38
726
Атырау облысында жастарға терроризмді насихаттаған 4 адамдық топ ұсталды facebook.com/dvdatyrau

Атырау облысында жастарға терроризмді насихаттаған 4 адамдық топ ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, топ құрамында Құрманғазы ауданының 4 адамы болған.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері 16 маусым күні сағат 7:30 шамасында терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 адамды ұстады. Күдіктілер – Құрманғазы ауданының 39, 35 және 33 жастағы тұрғындары. Ұсталған күдіктілердің бәрі Құрманғазы ауданының жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған. Олардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен 2 пышақ тәркіленді. Айғақ заттардың бәрі қылмыстық іске тіркелді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады