Оңтүстік Корея тұрғыны екі баласын өлтіріп, мәйітін тоңазытқышта сақтаған

23.06.2023, 11:16
737
Оңтүстік Корея тұрғыны екі баласын өлтіріп, мәйітін тоңазытқышта сақтаған JTBC

Оңтүстік Корея елінің полициясы жаңа туған екі нәрестесін өлтірді деп айып тағылып отырған әйелді қамауға алуға рұқсат сұрады. Күдікті шақалақтардың денесін бірнеше жыл бойы үйіндегі мұздатқышта сақтаған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты CNN агенттігіне сілтеме жасап.

30 жастағы әйел сәбилерін өлтіргенін мойындады және мұндай қадамға 12, 10 және 8 жастағы басқа үш баласын асырау үшін барғанын мәлімдеді. Екі шақалақ та тек бір күн ғана өмір сүрген.

Күдікті әйел 2018 жылдың қарашасында ауруханада босанған төртінші баласын тұншықтырып өлтіріп, оны мәйітін үйіндегі мұздатқышқа салып қойған. Сонымен қатар, 2019 жылдың қарашасында дүниеге келген бесінші баласының да өмірін дәл осылай қиған.

Полиция дерегінше, әйелдің күйеуі оның өз балаларын өлтіргені туралы білмеген. Өйткені күдікті жұбайына түсік жасатқанын айтқан.

21 маусымда полиция әйелдің үйіне тексеру жүргізді. Бұл уақытта күдікті өзінің қылмыс жасағанын мойындады. Бүгін әйел өзін қамауға алуға рұқсат беру жөніндегі тыңдауға қатысуы тиіс.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, Оңтүстік Кореяда 2015 жылдан бері туған 2000-ға жуық нәресте ресми тіркелмеген.

Сондықтан елдің мемлекеттік аудит және инспекциялық комиссиясы 2015-2022 жылдар аралығында дүниеге келген, бірақ ресми құжат алмаған 2 236 балға қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)