Silkway Accelerator қатысушылары жалпы $7,5 млн доллар инвестиция тартты

29.06.2023, 17:12
474
Silkway Accelerator қатысушылары жалпы $7,5 млн доллар инвестиция тартты Astana Hub

Silkway Accelerator - Astana Hub пен Google for Startups бірлескен бағдарламасының үшінші легі қорытындыланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Бұл жолы да алдыңғы екі лектегідей бәсекелестік мықты болды, 8 елден – Орталық Азия, Моңғолия, Әзірбайжан және Грузиядан 280 өтініш түсті. Бағдарламаға 15 стартап іріктеліп, соның тек 12-сі ғана үш айда қарқынды дамып, бағдарламаны сәтті аяқтады.

«Біз сіздерді мақтан тұтамыз және бағдарлама аяқталғаннан кейін де үнемі қолдау көрсетеміз, себебі сіздер енді Google for Startups-тың бір бөлшегіне айналдыңыздар. Жаңа деңгейге көтеріліп, табысты стартап ретінде таныла білдіңіздер, өте қуаныштымыз.  Біздің бағдарламаға қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз», - деді Барыш Есугей, Google for Startups & Dev Ecosystem басшысы – MENA, Түркия, Орталық Азия.

Silkway Accelerator бағдарламасының үшінші легінің аяқталуына орай ұйымдастырылған Demo Day шарасында түлектер жергілікті және шетелдік инвесторларға презентация жасап, акселератор кезінде жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі.

«Бағдарлама барысында біз процестерді цифрландырдық, негізгі бизнес-стратегияны анықтап, маркетинг мәселесіне жіті көңіл бөле бастадық, бірақ ең бастысы, біз $250 мың көлемінде инвестиция тарттық. Бұл бізге нарықтағы рөлімізді нығайтуға, саланың негізгі ойыншыларымен стратегиялық серіктестікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мысалы, біз қазірдің өзінде Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығуға дайынбыз. Біз нақты келісімшарттар, тиімді басқару және транзакцияның екі тарабы үшін қауіпсіздікті арттыру арқылы жалға алу процесін жеңілдетуге және жақсартуға тырысамыз», - деді Қанат Келдібеков, ApartX стартапының негізін қалаушы.

Silkway Accelerator үшінші легінің нәтижесі бойынша қатысушылар жалпы алғанда $575 мың жинады, MRR орташа есеппен 3 есеге өсіп, инвесторлармен $1,250 млн алдын ала келісім жасады.

«Silkway Accelerator шынымен индустрияны және біздің экожүйені дамытуға үлкен үлес қосып жатыр. Silkway Accelerator үш легінің нәтижесінде 37 стартап халықаралық нарыққа шығып, жақсы көрсеткішке қол жеткізді: бұл компаниялардың жалпы бағасы $400 млн құрайды, MRR – $2 млн, акселерация кезінде $7,5 млн инвестиция тартты. Біз Draper University бірге тағы бір акселерация бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз, оның аясында біздің 15 стартапымыз Кремний алқабында оқып жатыр, айтпақшы, солардың көбі Silkway Accelerator бағдарламасының өткен легінің түлектері», - деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры. Ол бірге жұмыс істеген серіктестер мен трекерлерге, сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ЦДИАӨМ-не алғыс айтты.

Еске салсақ, Қазақстан Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірлесе акселератор өткізіп жатқан бірінші және жалғыз мемлекет. Бүгінгі таңда Silkway Accelerator бағдарламасының жаңа төртінші легіне өтініш қабылданып жатыр.

Өтініштер сілтеме арқылы 7 шілдеге дейін қабылданады, бағдарламаның басталуы тамыз айына жоспарланған. Оқу бұл жолы да Астанада оффлайн тәртіпте өтеді және үш айға созылады.

Қатысушылар тегін баспанамен қамтамасыз етіліп, халықаралық қатысушыларға визалық қолдау көрсетіледі, сондай-ақ Google for Startups және Astana Hub-тан тренингтер мен менторлық қолдау көрсетіледі.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды