Түнде атыраулықтар аспандағы ерекше құбылыстың куәсі болды
2 шілдеге қараған түні Атырауда ұзақ уақыт найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Табиғи ерекше құбылыстың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Видеодағы көріністе найзағай алдымен түрлі-түсті траекторияда жарқылдап, тіпті бір тұста жан-жақты самаладай жарық етіп жібереді.